“Бес тірек”: Татишев Фондының грантын ұтып ал да – 5 артықшылыққа ие бол
Ержан Т. Фонды 2018 жылға “Бес тірек” білім беру гранттар бағдарламасына және мүмкіншіліктері шектеулі жастарға арналған білім беру гранттар бағдарламаларына байқау жариялайды.
2018 жалдың 21 қаңтары мен 30 сәуір арасында Фондтың грантын ізденушілерден әрекеттегі екі бғдарлама бойынша мәлімдемелерін қабылдайды.
Ержан Татишев Фондының “Бес тірек” білім беру гранттар бағдарламасының мақсаты – ашық көрінген кәсіпкерлік қасиеттеріне ие және кәсіпкерлік ісіне ұмтылысы бар үздік студенттерді анықтап, оларды қолдау.
Білім беру грантын ала алатын үміткерлер – өзінің кәсібін ашқысы келген және Almaty Management University де кәсіпкерлік саласында білім алғысы келген, балалар үйінің түлектері мен күн көрісі төмен отбасынан шыққан, мектеп пен колледж түлектері.
Бағдарламаның артықшылықтары:
- Білім ала отырып өзінің кәсібін бастау мүмкіндігі
- Озық бизнес-компаниялар жетекшілерінің қолдауы
- АҚШ,Banson колледжында тағылымдама
- 1 млн тенгеге дейін стартапұа грант
- Бүкіл оқу мерзіміне білім беру гранты
Мүгедектігі бар жастарға арналған білім беру грант бағдарламасының мақсаты – кедергілерді жеңіп шығуға, мамандықты меңгеруге және белсенді өмірлік ұстанымы бар, және де алынған білім мен дағдыларды алдағы еңбек қызметінде қолдануға ұматылысы бар мүмкіншілігі шектеулі жастарды анықтау және оларға қолдау көрсету. Грант мамандықты меңгергісі келген және жаңа білімді меңгеруге жоғары ынталанған талантты жастарға байқау негізінде беріледі.
Фондтың гранты, үміткерлердің жеке қасиеттері, академиялық білімі мен қабілеттеріне негізделе отырып, байқау нәтижелерінен іріктеліп беріледі
Екі бағдарлама бойынша да қатысу үшін мәлімдеме қабылдаудың соңғы мерзімі – 2018 ж. 30 сәуір сағат 17:00 (Астана уақыты бойынша).
Білім беру гранттары бүкіл мерзімдік оқу ақысын, ай сайынғы стипендия, жатақханада тұру қаржысы мен басқа қаладан келгендерге жолына кететін шығындарды өтейді.
Бағдарламаның бірелейлігі, Фондтың білім алуға мүмкіндік беруінде ғана емес, жан-жақты дамуға мүмкіндік туғызуында және кәсіби дағдыларды стипендиатқа қалыптастыруында. Қазіргі таңда Фонд негізінде стипендиаттардың Клубы бар, және де олар қоғамдық маңызы бар жобаларды жүзеге асырып, халықтың осал топтар өмірінің жақсаруына өз үлесін қосуда.
Волонтерлар балалар үйінде тәрбиенушілерге, ардагерлерге, қарттарға және мүмкіншілігі шектеулі адамдарға қолдау көрсетіп, қайырымдылық акцияларына ат салысады және белсенді бейкоммерциялдық ұйымдардың бағдарламалары мен жобаларын іске асыруға көмектеседі. Әлеуметтік жобалармен айналыса отырып, олар алдағы уақыттағы кәсіптік қызметтерінде қолдана алатын тәжірибе алады.
Стипендиаттар әлем бойынша жас белсенді жастарды біріктіретін – AISEC, ENACTUS секілді халықаралық бағдарламаларда белсенді қатысады, сондай-ақ, Оңтүстік Корея, Голландия, Венгрия, Франция, АҚШ және Жапония елдерінің университеттерінде алмастыру бағдарламасы бойынша оқыған.
Фондтың жұмыс атқарған он екі жыл ішінде арнаулы орта білім мен жоғарғы білім алуға 109 білім беру гранттары бөлінген.
Барлығы, фондтың білім беру гранттар бағдарламасына жұмсаған қаржысы 469 230 206,04 теңге.
Қазіргі таңда Фонд түлектері халықаралық және отандық компаниялар қатарын толықтырды: ТОО “Алсад Казахстан”, АО “Самрук-Энерго”, АО “Казпочта”, Kaspi Bank, АО “Банк Kassa Nova”, Procter&Gamble Казахстан, ТОО СП “Кока-Кола Алматы Боттлерс”, KPMG (Ұлыбритания, Лондон). 2015 жылы Фондтың түлектері қайырымдылық ретінде өзінің алғаш білім беру грантын берді.