Илияс Досжан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     

 

                          Белсенді студенттік өмір табысты өмірге үлкен қадам бола алады

Досжан Ильяспен сұхбат, Alumni Enactus AlmaU, 2017 жылдың AlmaU түлегі, Жітіқара қаласында “KUSTO Group” компаниясында қаржы-жоспар бөлімінің басшысы болып жұмыс істейді.

“Шынында менің студенттік өмірім өте белсенді өтетін, себебі бірінші курстан-ақ мен Enactus МАБ командасына қосылған болатынмын, ол кездері ол әлі МАБ болатын. Біз жобалармен белсенді жұмыс істей бастадық, жилыстарда жиналып, бір жерлерге шығып, әр түрлі іс-шара ұйымдастыратынбыз, өте қызық болатын. 2-3 курстарда есейдім, сәйкесінше жауапкерлік пен жұмыс артты. Сонда біз басқа клубтардағылармен көбірек араласа бастадық, шынында да коммуникация өте маңызды. Мен универде өте көп уақыт өткізетінмін, яғни сабақтардан кейін дереу үйге қайтпай, отырып жұмыс істейтінмін. Студенттік өмірім өте қызық әрі жемісті өтті деп айта аламын.

Мен, шынымды айтсам, әрекет жасау керегін 4 курстың аяғына таман ғана түсіндім, өйткені, енді университетті бітірердің алдында, ересек өмірге шығар алдында, дұрыс ойланып, дүрыс нәрсені жасауды, есею керегін және де әрекет жасау керегін шынайы ойлана бастайсың.

Студент бола тұра, мен мақсатымды нақты айқындамаған болатынмын, себебі ол маған қиынға түсетін. Болашақта кім болатынымды, не жұмыс істейтінімді түсінбейтінмін. Ол сұрақтың жауабын табу қиын болатын, уақытымыз да уайым қайғысыз болатын. Ал 4 курстың ортасына таман, әрі қарай не істейтінім жайында қатты ойлана бастадым, себебі оған дейін ол жайлы көп ойлана бермейсің және сонысы өте жаман.

Менің беретін кеңесім, уақытты босқа құртпай адамдармен көбірек араласып, көп кітап оқу”.